Ертіс өңірінің жұртшылығы Әз Наурызды 40 күн бойы тойлады. Мереке бүгін Павлодар қаласының орталық алаңында тәмамдалды.

Мерекенің көрігін қыздыруға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы да атсалысты. Ақшаңқан киіз үй тігіліп, қонақтарға қазақтың кең дастарханы жайылды. 

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңір тұрғындарының ішінен табылып, мәре-сәре болған жұрттың қуанышына ортақтасты. 

Павлодар мемлекеттік университетінің киіз үйі қазақ ұлттық тағамдарына деген ықыласы ерекше жандардың басын қосты. 

Қала тұрғындары палау, қуырдақ, бауырсақтан дәм татты. Мерекенің негізгі тағамы наурыз көже назардан тыс қалмады. 

Мерекелік дастарханнан бөлек павлодарлықтар концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық ойындар бойынша бақтарын сынау мүмкіндігіне ие  болды.