Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының негіздемесін ұсынған болатын.

Мақалада Президент тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдай жасаудың қажеттілігін жеткізді. Осылайша, жоғары білім беру мен оқудың  қолжетімділігіне баса назар аударады. 

Оса мақсатқа қол жеткізу әлемдегі ең үздік 100 оқулықты түрлі тілдерден қазақ тіліне аудару көзделген. Батыс елдерінің әйгілі ғылыми еңбектері заманауи гуманитарлық білім стандарттарына сай. Бұл бағытта арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылып, 18 оқулық іріктеліп, бір жылдың көлемінде аударылып шықты. Кітаптардың қалың оқырманға жол тартуы – отандық білім беру тарихындағы айтулы оқиға болып табылады.

Бүгінгі дамыған өркениет заманында бәсекеге қабілетті ұлт болып, дамуы үшін санамызды жаңғыртып, жаңаша ойлау қажет. Бұл мақсатқа гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды жаңғырту арқылы ғана қол жеткіземіз.  

Сондықтан бұл жоба стратегиялық маңызға ие. Басты идеясы - әлемдегі үздік университет оқулықтарын аударып,  студенттерге дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға жағдай жасап, олардың  интеллектуалды әлеуетін көтеру болып табылады. Ғылыми әдебиет қорын ұлғайтып, қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыту да көзделуде. 

Қуантарлығы, жаңа оқулықтардың барлығы оқырман қауымға кез келген форматта, қағаз күйінде, электронды формада, тіпті, видеотека форматында да қолжетімді болады. 

 

Ахметова Гаухар Ғалымқызы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры