С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті энергетика факультетінің студенттері Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиададан жеңіспен оралды.

Жеңімпаз атану үшін еліміздің жоғары оқу орындарынан 20 команда қатысты. Павлодар мемлекеттік университетінің намысын Қуаныш Баяхмет, Зарина Кусаева және Василий Ткачук қорғады. 

Аға оқытушы Айгүл Әшімованың жетекшілігімен студенттер зияткерлік жарыста жалпыкомандалық есепте үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, жеңіске жетті. 

Қуантарлығы, студенттер жеке біріншілікте де үздік атанды. Қарсыластарына дес бермеген Қуаныш Баяхмет бірінші орынға, Зарина Кусаева екінші орынға ие болды. 

«Осы олимпиада арқылы біздің жастар университетіміздің электр энергетиктерін даярлау ісінде үздік екендерін тағы бір мәрте дәлелдеп, бұл жоғарғы мәртебені қайтарып алды. Бұл жеңіс жоғары оқу орнының тарихында қалатыны сөзсіз», - дейді  «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған  профессор Вадим Марковский.