С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Қайырбай Әшенов пауэрлифтинг бойынша Қазақстан чемпионы атанды.

Текеліде өткен байрақты бәсекеде еліміздің облыстарынан келген 200-ден астам спортшы жеке және командалық есепте жеңімпаз атану үшін барын салды. Павлодар облысының намысын тепсе, темір үзетін 20-дан астам азамат қорғады. 

93 келілік салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қайырбай Әшенов отыру, жатып сығымдап көтеру және бітімге тарту бойынша 530 келі нәтижесімен алтын медальге ие болды. 

Сонымен қатар,  спортшы Азия құрлығы мен Әлем чемпионатында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. 

Еске сала кетсек, былтырғы жылы Қ. Әшенов пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты атағына ие болды.