С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері, жетекшілігі, оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер дәстүрлі көктемгі сенбілікке шықты.

Таза ауаға шыққан студенттер мен оқытушылар жоғары оқу орнының аумағын күл-қоқыстан тазартты. Оқулықтар мен қаламдарын тырнауыш пенсыпыртқыға алмастырған университет алалеясы, сквері мен корпустар арасындағы аумақты реттеп, қоқысты сыртқа шығарды. 

Дәстүрлі сенбілік көңілді түскі асқа ұласты. Еңбектенген азаматтар палау мен ыстық шайдан дәм татты.