С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ХVIII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференция өтті. Ауқымды шара жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың басын қосты.

ПМУ-дің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д. профессор Нұрлан Ержанов  ғылыми конференцияның 18-ші рет ұйымдастырылғанан атап өтіп, жыл сайын қатысушылар санының артып келе жатқанын тілге тиек етті. 

«Ғылыми конференцияның халықаралық мәртебеге ие болуы, біздің университет үшін зор жауапкершілік пен сенімнің белгісі іспеттес», - дейді Н. Ержанов. 

Конференцияның жинақтарында мақала жариялауға Қазақстанның көптеген қалаларынан өтініштер түсті, олардың қатарында Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Орал, Тараз және Ресейдің көршілес жатқан қалалары бар. 

Конференция ғылыми тақырыптардың сантүрлілігімен танымалдыққа ие. Мәселен, «Оқушылар» сериясы 28 бағытты қамтыса, «Студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен мектеп оқушылары» сериясында 35 бағыт бар. Конференцияға 1500-ге жуық ғылыми мақала ттүскен. Материалдар бойынша жинақтардың 20 томы басылып шығарылды.