С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының теологі Н.Е Каирбековпен кездесу өтті.

Əлеуметтік мəселелер мен тəрбие ісі жөніндегі департамент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен шарасы жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатын көздеді.

Н.Каирбековтың айтуынша, діни сауаттылық - халық бірлігі мен қоғам тұрақтылығының негізі. Діни иммунитетті қалыптастыру діни радикализмге қарсы шарттардың бірі. Теолог осы тектес шаралардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жас азаматтвр экстемистік ағымдарды дəстүрлі діни білімдерден ажырату білу керектігін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар арасында діни сауаттылық курстарын арттыру бойынша дəрістер курсы дəстүрге айналып, апта сайын жүргізіледі.