Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде «Жоғары оқу орнында заманауи білім беру уақыты жағдайындағы математика ғылымдарын оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар өтті.

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында адам капиталы – жаңғыру негізі екенін тілне тиек етті. Адам капиталы үстем болу үшін білім берудің сапасын арттырып, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын да күшейту қажет.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос. ғ. к Гухар Ахметова кездесу барысында авторлық білім беру бағдарламаларын жасау керектігін жеткізді.

П.ғ.д, профессор Б.Н. Дроботун логика ғылымының қалыптасы тарихы туралы айтып, оның негізгі даму кезеңдері туралы әңгіме өрбітті. Ғалымның айтуынша,  бұрын логика курсы базалық пәндер қатарында болған, ал бүгінгі таңда оқу бағдарламаларынан алынып тасталған.

«Логикалық-алгебралық ғылымдар жаопы таным теориясы методологиялық әлеуеті құралдарының таратушысы болып табылады. Бұл тұрғыда логикалық-алгебралық білім беруді қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Логиканы базалық пәндер қатарына қайта енгізу керек», - дейді Б. Дроботун.

Айта кетейік, факультетте Learning-CDT платформасында жаппай ашық онлайн-курстар концепциясы жүзеге асырылуда. Бұл курстар Қазақстанның, алыс-жақын шетелдің 5000 студентін қамтиды. Жүйе қашықтықтан білім алудың қолжетімділігін арттырып, Қазақстан университеттерінің үздік оқытушыларының тәжірибесін әлемге танытуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, студенттер үшін пәндерді өз бетінше оқу үшін білім беру материалдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильді жобалар әзірленуде.