С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универсиетінде STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» байқауы үшінші кезеңі республикалық жобасының аймақтық кезеңінің іріктеу шарасы салтанатты түрде ашылды.

Байқауға қатысып, бақтарын сынау мүмкіндігіне 16-35 жас аралағындағы азаматтар ие болды. Нәтижесінде 433 өтініш қабылданды. 

Салтанатты шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы өкілдік басқармасы бөлімінің басшысы Бақытгүл Қасымова сөз алды. Байқаудың мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру. 

Жарыс жұмысына үздік халықаралық менторлар, жаттықтырушылар мен спикерлер қатысты. 

«Басты мақсат – Facebook сияқты әлемге танылған жоба жасау, оны жыл бойы дамыту. Бүгінгі таңда елімізде осы тектес жобалар жоқ, дегенмен, жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар. Мен осы байқауға тапсырылған жобалардың арасында қазақстанды әлемге танытып, ұлттық жетістікке айналатын жобалардың барына сенімдімін», - дейді Б. Қасымова.