Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет-құрылыс факультетінде «Құрылыстағы заманауи технологиялар» атты семинар өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» құрылыс және коммуналдық секторда қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жаңа құрылыс әдістерін қолдану және қазіргі заманғы материалдарды пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Бүгінгі таңда сәулет-құрылыс факультетінің ғалымдары осы міндеттерді шешуге ерекше көңіл бөледі. Маңыздылығы – ең аз шығындармен құрылыс материалдарын өндірудегі ғылыми әзірлемелер болып табылады. 

Мысалы, Павлодар облысында жылу электрстанциялары мен металлургия қалдықтарынан күлден және шлактық қалдықтарды құрылыс материалдары өндірісінде пайдалану жобасы қарастырылған. Сонымен қатар, күл және шлак қалдықтары негізінде құрылыс өнімдерін дамыту артықшылығы өндіріс құнын төмендету болып табылады.

Бұдан басқа, отандық шикізат негізінде керамикалық гранит алу технологиясына негізделген жоғары сапалы материалдың инновациялық өндірісін құру қолға алынды.