Жақында Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінің екі өкілі аграрлық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Марапатты жыл сайынғы дәстүр бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынды.

Вице-премьер Асқар Мырзахметов барлық қатысушыларды Ауылшаруашылық жұмысшылар күнімен құттықтап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша алда үлкен міндеттер күтіп  тұрғанын атап өтті.

Биылғы жылы «Екбек ардагері» медалі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, агротехнология кафедрасының аға оқытушысы Сапарғали Асқаровқа берілді. 

Сапарғали Уашұлы көп жылғы еңбегінде топырақтың құнарлылығын жоғарылату, дәнді дақылдар егісін ұлғайту саласында жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар, зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Надежда Бурамбаеваға Адал еңбегі үшін және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы берілді.

Надежда Бакаевна өңірдегі етті қойлар тұқымын жақсарту жөніндегі жұмыс жетекшісі, Баис тұқымды қойының тең авторы.