Дәстүрлі «ПМУ аруы-2017» сұлулық конкурсының ақтық кезеңі 24-қараша күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті.

40 қатысушының 13-і іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық мәреде өнер көрсетті. Факультеттердің атынан шыққан әрбір қатысушы өз жанкүйерлерінің намысын абыроймен қорғауға тырысты. Сұлулардың барлығы керемет көркемдікті, әдемі үйлесімділікті және тартымды қозғалысты көрсете білді.

Байқауға баға берген қазылардың шешімі бойынша, машинажасау факультетінің студенті Бағира Ахмет үшінші, химиялық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары факультетінің өкілі Мадина Батық екінші және болашақ биотехнолог Софья Клепикова бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және бизнес факультетінің студенті Айнагүл Аяғанова сайыстың бас жүлдесін жеңіп алып, жеңіс тәжін басына киді.