Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері облыстық кірістер департаментінің мамандарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты қаржылық сауаттылық пен салықтық мәдениетті қалыптастыру болды.

Ашық дәріс барысында Мемлекеттік кіріс департаментінің маманы Жұмагелді Акиежаев Қазақстан Республикасындағы салықтың негізгі түрлері туралы егжей-тегжейлі айта отырып, салық және кеден кодексі туралы заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударды.  

Ол мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Студенттер пікірталасқа белсене қатысты, салықтың маңыздылығы, қоғамдағы орны мен мемлекеттің дамуындағы рөлі туралы сұрақтар қойды.

Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.Рысты Сартова мұндай дәрістер уақытында салық төлеушілерді оқытуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің негіздерін енгізуге көмектесетінін атап өтті.