ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жыл сайын өткізілетін республикалық байқауға үміткер ретінде қатысқан Философия және әлеуметтік-гуманитарлық кафедра студенті Кайдарова Торғынды жеңісімен құттықтаймыз!

Қазақстанның 80 студенті ай сайын бір жыл ішінде жақсы оқығаны үшін 40 мың теңге алып отырады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  Қоры – Елбасы  шәкіртақы үміткерлерін марапаттау рәсімі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында гала-концертінде өтті.

Н. Назарбаев Қоры шәкіртақыға үміткер болуға колледж және жоғары оқу орын студенттері сайысқа қатысу үшін қатал байқаулық іріктеуден өтті. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры шәкіртақысы – бұл тек үлкен жоғары академиялық көрсеткіштері үшін ғана емес, сонымен қатар болашаққа деген үлкен ынтасы мен табысының болуы.

Барлығы 650 үміткердің байқауға қатысуға өтініші түсті. Келесідей қалалардың студенттері үміткер болды, олар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Арқалық, Атырау, Қарағанды, Қаскелен, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Петропавловск, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Павлодар. Атап өтетін жағдай үміткерлердің тек GPA көрсеткіштері ғана жоғары болмай, сонымен қатар ғылыми және өзінің оқу орынының шығармашылық өміріндеде белсенділік танытуы қажет.