ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарының Павлодар облысындағы жұмысы жалғасуда. Айгүл Нұркина мен Айзада Құрманова жұмыс сапары барысында С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін де аралады.

Мәжілісмендер ПМУ-да жүргізіліп жатқан жұмыстардың басым бағыттарымен, соның ішінде  кәсіпкерлік, ғылыми және техникалық траекториясымен танысты. 

Қонақтар «Ертіс» технопаркіне экскурсия жасады. Сонымен қатар, ПМУ ғалымдары ҚР Индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған ылыми-зерттеу зертханасын ұсынды.

Сондай-ақ, облыстағы металлургия саласындағы инновациялық әзірлемелерді, машинажасау және өзге де білім саласындағы перспективаларды көрсетті.