С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті өзінің академиялық беделін тағы бір мәрте растады.

2017 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің (БСҚА) ұлттық рейтингіне жоғары оқу орындардың 66 білім беру бағдарламалары қатысты. (Оның 38-і бакалавриат және 28-і магистратура бойынша білім беру бағдарламасы)

34 білім беру бағдарламасының (18 бакалавриат және 16 магистратура) ішінен біздің университет үздік үштіктің қатарына енді.

Қазақстан-2017 жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісіне көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және өнер бағыттарындағы барлығы 61 жоғары оқу орыны қатысты. Соның ішінде көпсалалы категорияға қатысқандардың саны – 21.

Рейтинг қорытындысына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үздік бестіктің ішіне кірді. Үздік бестіктің қатарында Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бар.