С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөнінде семинар өтті.

Шараны студенттерге конкурс құжаттамаларын және зияткерлік ресурстарды басқару туралы түсінік беру мақсатында «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырды. Бұл қор гранттық қаржыландыру жобаларын коммерциялау болып табылады. Мәселен, өз жобаларын іске асырғысы келетін ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, бизнес-серіктестер мен қызмет көрсету ұйымдардың бір-бірін табуына және байланыс орнатуына жәрдемдеседі.

Биылғы жылы тапсырыстарды қабылдау уақыты 30-45 күнге ұзартылды. Сондай-ақ, алғаш рет электронды өтінімдерді қабылдадық. Өйткені, біздің тапсырыс берушілер үшін тапсырысты қағаз түрінде беру ыңғайлы бола бермейді. Биылғы алғашқы тапсырыс «e-cloud.kz» арқылы қабылданады», - деп атап өтті жобаның үйлестірушісі Гомар Кажкенов.

Семинар барысында облыстағы зияткерлік меншікті коммерцияландыру және басқару мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары үшін кең ауқымды жеке консультациялар жүргізді. Тапсырыстарды қабылдау 2017 жылдың 12 маусымында басталып, 26 шілдеге дейін ұзартылды.