С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында бірінші оқу жылы қорытындыланып, Отан қорғаушылар күніне орай «Үздік оқу взводы» сайысы өтті.

Мереке әскери кафедрасының парадтық маршынан бастау алды. Әскери кафедрасының әнұран әуенімен екінші және үшінші курс студенттері салтанаттық саппен жүріп өтті. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ әскери кафедрасының басшысы, подполковник Сәбит Шинтеміров сайыстың ашылу салтанатында жиылғандарға жоғары спорттық шеберлік пен биік жетістіктерге қол жеткізу үшін табандылық пен жеңіс тіледі.

Жанкүйерлердің қолдауымен студенттер оқу қаруын шашып, қайта жинаудан, 1000 м жүгіруден, әскери эстафетадан және т.б. сайыстар бойынша күш сынасты. Доданың соңында жігіттер мен қыздар арқан тарту бойынша мықтыларды анықтады. Арқан тартысудың нәтижесі бойынша қыздар взводы үздік атанды. 

Жалпы сайыс нәтижесі әрі әскери кафедрасындағы бірінші семестр қорытындысы бойынша СП-210 оқу взводы жеңіске жетті. Ал, арқан тартысу бойынша ИР-212 оқу взводы (қыздар) алтынға ие болды. Сайыстың ең белсенді қатысушылары жоғары оқу орнының алғыс хаттары мен мадақтамаларымен марапатталды.