Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Foundation» факультетінің даярлық бөлімінде білім алып жүрген тыңдаушылар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ.) өткен баскетбол бойынша университет аралық турнирге қатысты.

Бұл дода Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інің 20 жылдық мерейтойына орай шет елден келген студенттер арасында өтті.

Сайыста Павлодар, Астана, Қарағанды, Өскемен, Астана қалаларынан тоғыз команда бақтарын сынады.  

Бас жүлдені Өскемен қаласының баскетболшылары жеңіп алды. Ал, Қарағандының командасы күміс жүлдені иеленді. Павлодар қаласының командасы үшінші орынға ие болды.  

Команда құрамында Бекежан Ақжол, Сламия Ердмұрат, Бейбітхан Бақытжан, Бауыржан Табиғат, Түнкебай Жасұлан, Шайзада Бақыт, Хуатхан Азамат болды.

Ойыншылардың арасында «Ең үздік ойыншы» аталымын С. Торайғыров атындағы ПМУ  «Foundation» факультетінің тыңдаушысы Шайзада Бақыт жеңіп алды.