С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінде «Көшбасшы болудың сыры» атты саяси ойыны өтті.

Т.ғ.к., доцент А.М. Тұрлыбекованың ұйымдастыруымен өткен ойынға «Басқару және саясаттану» кафедрасының бірінші курс студенттері қатысты. 

Ойын саяси сахнада орны бар саясаткерлердің көшбасшылық және жеке қабілеттерін анықтауды мақсат етті.  

Дода барысында сайлау кампанияларындағы технологиялар элементтері  анықталып, қолданылды.  Студенттердің алдында  ұсынылған үлгі мысалында саяси көшбасшылардың ұтымды таңдалған вербалды және вербалды емес мінез-құлқын сараптаудан өткізіп, беделін анықтау міндеті тұрды.