С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

Диктант Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналды. Диктанттың мәтіні Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында әзірленген аталмыш құжаттың жобасынан дайындалды. 

Жалпықазақстандық шараға қазақ тілінде сауатты жазуды қолдайтын оқу орданың барлық факультеттерінен жалпы саны 407 оқытушылары мен студенттері қатысты.

Диктант гуманитарлық-педагогикалық факультетінің қазақ тілі және қазақ филологиясы кафедраларының тәжірибелі оқытушылары Б.М. Қадырова, Г.Т. Кәріпжанова, А.О. Кәріпжанова және З.С. Машрапованың жетекшілігімен өтті.