С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті командасының қымыздан жасалған балмұздақ жасау жобасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2016 студенттік жастардың әлеуметтік және бизнес-жобаларының республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қолдауымен өткен байқауға еліміздің жоғары оқу орындарынан 42 команда қатысты. 

ПМУ командасы экономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған іс жүзінде жұмыс жасап жатқан 4 жоба ұсынды.

«Қазақстанды қалай тамақтандыруға болады?» бизнес-жобалар байқауында студенттер қымыздан жасалған балмұздақ идеясы үшін 1 млн. теңгеге ие болды. 

Enactus PSU командасының капитаны Арнагүл Бүркүттің айтуынша, студенттер университет қабырғасында алған теориялық білімі мен кәсіпкерлік қабілеттерін тәжірбиеде қолданады. Олар осылайша көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, бизнес этикасының негіздерін меңгеріп, қоғамның жауапты азаматтары болуға машықталады. «Белсенді студенттік жастар қашанда қозғаушы күш болған. ПМУ командасының әрбір мүшесі еліміздің экономикасы мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келеді.  Біздің идеялар әлемді жақсы жақа өзгертеріне сенімдімін», – деді А. Бүркүт. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ командасы жеңімпаз ретінде биыл қазан айында Торонто қаласында (Канада) өтетін Enactus 2016 әлемдік кубогында Қазақстанның намысын қорғайды.