С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Екі жұлдыз» облыстық вокалды байқау өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ жастар ісі жөніндегі комитетінің мұрындық болуымен өткен «Екі жұлдыз» жобасы студенттердің вокалды өнерін көпшілікке танытуға жол ашты. 

Іріктеу кезеңінен іріктеліп алынған өнерлі сегіз жұп финалда қазақстандық және жаһандық хит әндерді орындады. 

Әділқазылардың шешімімен гуманитарлық-педагогикалық факультеттің өнерлі жұбы Мадина Сағындық пен Гүлжан Анишева байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. 

Екінші орын химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің өнерлі Салтанат Досмұхамбетова мен Темірлан Мейрамовқа бұйырды. 

Үшінші орынды сәулет-құрылыс факультетінің өнерпаздары Жанболат Хасан мен Жанар Қабидулайқызы иеленді.