С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Павлодар облысының қоршаған ортасының өзекті мәселелері және оның шешу жолдарының механизмі» атты дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысының экологиялық технологиялар жөніндегі құзырет орталығы КҚ және С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ұйымдастыруымен өткен бұл кездесу экологиялық қызмет жетекшілерінің, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің басын қосты. 

Жиын барысында қатысушылар Павлодар облысы аумағында атмосфера, жерге және суға тасталатын зиянды қалдықтар, зиянды қалдықтарды өңдеу, облыстағы радиологиялық жағдайды, су ресурстарының экологиялық мәселелерін талқылады. Мұнымен қоса, спикерлер Павлодар облысының қоршаған ортасын жақсартуға бағытталған шаралар, қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайту үшін жаңа инновациялық технологияларды қолдану сынды мәселелерді ашық пікірталас алаңына салды. 

Қатысушылар ашық диалог барысында қауымдастықтың су ресурстарын басқарудың және мониторинг жасауды жақсартудың, зертханалардың жұмысын дамытудың, мекемелер арасында экологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіп, оны қоғамға ашық ұсынудың маңыздылығын ескерді.   

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевтің айтуынша, ПМУ ғалымдары аймағымыздың экологиялық жағдайын жіті зерттеп, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау арқылы мәселелердің шешу жолдарын ұсынып келеді. Ғалымдар орталықпен бірлесіп қоршаған ортаны жақсартуға белсене атсалысуда. 

Пікірталас алаңының қызу жұмысынан кейін Резолюцияға енетін бірқатар ұсыныстар қабылданды: өндірістік кәсіпорындардың полигондарындағы зиянды өндірістік қалдықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу мәселелерін шешу, Ертіс өзені мен Павлодар облысының су объектілеріне тазартылмаған қалдықтарды жіберуді тоқтату, атмосфералық ауа сапасын жақсарту үшін дәл уақытындағы барлық ірі кәсіпорындардың аумағындағы санитарлық-қорғаныс шекаралас жерлердегі зиянды қалдықтардың шығуын бақылау. 

Қатысушылар ұсынылған бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқаруға келісті.