С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Студенттік көктем» фествалі шеңберінде «Жарасымды жұп» байқауы өтті.

Студенттік филармонияның ұйымдастыруымен өткен байқауға университеттің әр факультеттерінен сегіз жұп қатысты. Әр жұп жиылған жұртқа өздерінің жарасымдылығымен қатар шығармашылық қабілеттерін де паш етті. 

Жұптар өздерінің өнерлерін үш кезеңдік байқауда көрермен мен қазылар алқасының сарабына салды. Олар бірінші кезеңде өз жұптарымен таныстырып, махаббатарының тарихынан сыр шерті. Екінші кезеңде қатысушылар өз сезімдері бейнеленген бейнебаянды көрермендер назарына ұсынды. Ал үшінші турда әр жұп өздерінің баянды сезімдерін би арқылы білдірді. 

Әділ қазылар алқасының шешімімен бірінші орын физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Ерболат Тажкеев пен Аңсаған Тұрсынбайға бұйырды. Екінші орынды химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенттері Батырбек Нұрмәди мен Сымбат Солтанбай иеленді. Ал мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенттері Ғиззат Сұлтан мен Айжан Қожабаева үшінші орынға лайық деп танылды.