С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері «Ғашық болудың жеті себебі» атты мерекелік шоу-бағдарлама өткізді.

Студенттер Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орайластырылған «Ғашықтар күні» мейрамын осылайша атап өтті. 

Сайыстың талабы бойынша жеті бойжеткен ару Абай Сарыбайдың жүрегін жаулап алуы үшін сынға түсті. Сайысқа түскен ақылы көркіне сай арулардың бәрі бұл сыннан жеңіп шығулары үшін бар қабілеттерін танытып, өздерін сан қырынан көрсетуге тырысты.

Шоу жеті кезеңнен тұрды. Әр кезеңде өзін жақсы таныта алмаған ару айналымнан шығып отырды. Шоудың соңына дейін бозбала қатысушы арулардың жүзін көрмеді және оларды қандай ән тыңдайтынына, киімі мен сөмкесіндегі заттарға қарап таңдаған болатын. Сонымен қатар, Абай  қыздардың ас пісіру және медициналық қабілеттерін де ескерді. Қыздар сайысты «Сүйікті look» және  «Махаббаттың көзсіз биі» атты кезеңдерімен қорытындылады.

Сайыс қорытындысының нәтижесінде Абайдың жүрегін сәулет-құрылыс факультетінің бірінші курс студенті Ақбота Байғон есімді ару жаулап алды. Оларға кино және мұз кешеніне билет табысталды.