С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында «Кемел кәсіпкер» бизнес-кейстер бойынша чемпионаты өтті.

Жас кәсіпкерлер додасында қатысушылар белгілі бір бизнес-кейстің шешу тәсірлдерін ұсынды, жас кәсіпкерлерді іскерлікке баулыйтын ойындар топтамасын жүргізді. 

Бұл сайысқа Enactus Kazakhstan өңірлік өкілдігі, Алматы менеджмент университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болды. 

Бұл чемпионаттың нәтижесі бойынша «Dostar» командасы бірінші орынға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды «Team of the future» командасы еншілеп, кәсіпкерліктің қыр-сыры баяндалған кітаптар топтамасына ие болды. Үшінші орын «Бизнес-леди» тобына бұйырып, олар да тамаша кітаптар топтамасын сыйлыққа алды. 

Enactus PSU командасының вице-президенті Юлиана Сысоеваның айтуынша, Enactus PSU клубының бастамасымен жүзеге асқан бұл кездесу жас кәсіпкерлерге білім мен тәжірибені ұштастыратын алаң бола білді.