С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері экология және химия пәндері бойынша VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиададан жүлделі оралды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың намысын «Табиғат сақшылары» командасы табысты қорғап, үшінші орынға ие болды. Аға оқытушы Әсел Рахметованың жетекшілігімен сынға түскен бұл топтың құрамында биология және экология кафедрасының студенттері – Мирас Жұмаділов, Алмас Сәкенов, Аягөз Шайзадинова бар. 

Мұнымен қоса, химия және химиялық технологиялар кафедрасының студенттері де «Органикалық заттардың химиялық технологиялары» мамандығы бойынша білім бәйгесінде екінші орынды қанжығаларына байлап келді. 

Студенттік команда олимпиадада химия ғылымдарының кандидаты, профессор Күлшат Жапарғазинованың жетекшілігімен «Жол битумын техникалық сапасына күкірт әсерін өзгерту» тақырыбындағы ғылыми жобасын ұсынды. Сонымен қатар, Евгения Павлюк жеке есепте жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 

Кафдра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнагүл Колпектің жекешілігімен қатысқан студенттер:  Әл Фараби Көпжасар – екінші орын, Арман Слямов – үшінші орындарыды еншіледі.