«Даму» қорының өкілдері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірқатар жобаларымен танысты. Қонақтар назарына Enactus PSU студенттердің стартап-жобалары ұсынылды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров машинажасау және металлургия, агроөнеркәсіп және энергетика салаларындағы үздік жобаларымен танысты.
Еске сала кетейік, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Бұл келісімнің негізінде жаңа кәсіпкерлікті ашуды қолдау бағдарламасы және студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар жүзеге асатын болады.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында студенттер мамандандырылған семинарларға қатысып, тәжірибелі бизнес-тренерлердің жетекшілігімен кәсіпкерлік қабілеттерін ұштайды. Мұнымен қоса, студенттер кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренеді. Жобаның түлектеріне бизнесті құру және дамыту, бизнес-жоспарлар дайындау, кәсіпкердің субъект ретіндегі тіркелуі, «Даму» қорының қолдауына ие болу үшін құжаттар дайындау және өтінім беруге кеңес беріледі.
Бұдан өзге, студенттік жастар «Даму» кәсіпкерлер қорының қызмет көрсету орталығының мамандарынан кәсіпкерлік істі құру және дамыту бойынша кеңестік қолдауға қол жеткізе алады. Олар сайт ашуды, өтімді мәтіндер жазуды, жарнамалық баннерлер жасауды, өтімді саудаға сараптама жасау, маркетингтік акциялар жасау, ғаламтор арқылы өз қызметтерінің ақысы мен тауарларды алуды үйренеді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевтің пікірінше, «Даму» қоры студенттерге университерт қабырғасында оқи жүріп, кәсіпкерліктің негізін үйренуге зор мүмкіндіктер ұсынуда. Бұл олардың кәсіпкерлік мүмкіндіктерін ашып, және өздерінің бизнес-жобаларын іске асыруына таптырмас қолдау болады.