С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері өздерінің кәсіби мерекесін тойлады.
Шараның мақсаты – болашақ психолог мамандарын дайындау сапасын арттыру, студенттердің психологиялық білімге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту.
Психология магистрі Елена Щербакованың ұымдастыруымен алуан түрлі диагностикалық әдістемелер мен топтық және жеке сабақтардан тұратын психологиялық тренингтер өтті. Тренингке оқытушылар, магистранттар және студенттер қатысты. Аталмыш тренингте психологиялық ойындар, бейнелеу техникалары мен әуендік терапиялар жүргізілді.
«Психология және педагогика» кафедрасының студенттері коммуникативті қабілеттерді ұштауға бағытталған «Сапалы қарым-қатынас – табыс кепілі», «Студенттердің таныстығы» сынды тренингтер өткізді. Бұл тренингтер жеке құндылықтарды және өз-өзіне сенімділікті нығайтуға, өзін жеке тұлға ретінде қабылдағауға бағытталған.
Тренингтер барысында қатысушылар сан қырлы әлемнің бір бөлшегі ретінде сезінуі және түсінуі үшін, бастысы, жаһандағы әр адамның ерекше және маңызды екенін ұғынуы үшін «Топтың автопортреті» ойынына ерекше қызығушылықпен қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар «Өз ойын білдіретін қақпасын» құрып, өз ішкі ойларын білдіріп, армандарын қағаз бетіне түсірді.
«Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Елена Бурдинаның мәлімдеуінше, мұндай тренингтер көптеген оқудағы және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу мақсатында студенттерді университеттік өмірде жүктейтін көптеген жаңа психологиялық міндеттерді игеріп шығуына ықпал етеді. .
– Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысында алға қойған мақсаттар орындалды. Тренинг қатысушылардың бір-бірімен жақын танысуына мүмкіндік беріп, болашақ мамандықтары туралы көп ақпарат алды, уақыттарын танымды да қызықты өткізді, – деді Елена Ивановна.