С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спортшылары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VI қсықы Универсиадада Президенттік қысқы көпсайыс түрінен табысты нәтижелер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Республикалық сайысқа еліміздің 35 жоғары оқу орындарынан 895 студенттер қатысты. 

Спортшылар универсиада бағдарламасына енген 10 спорт түрі бойынша 6 спорттық кешендерде бақтары мен баптарын сынады. Ал 21 ЖОО командалары қатысқан Президенттік қысқы көпсайыс түрінен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетттік университетінің спортшылары табысты нәтижелерімен, үздіктер қатарынан көрінді. 

Павлодар мемлекеттік университетінің командасын қолдау мақсатында  С. Торайғыров аытндағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев Универсиада ашылуына қатысып, спортшыларға зор спорттық табыстар мен сәттілік тіледі. 

Әскери-қолданбалы жарыстар бойынша КСРО спорт шебері, қысқы полиатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, команда жаттықтырушысы  Нина Роеваның айтуынша, С. Торайғыров атындағы ПМУ командасы жақсы жетістіктермен көзгше түсті.

– Дегенмен, үмітіміз зор еді. ПМУ спортшылары бұл сайыста баптары мен бақтарын сынады. Жыл санап спорттың қысқы ойын түрлерімен айналысып жүрген спортшыларымыз артып келеді. Ендігі мақсат санмен қоса сапаның артуы, – дейді Нина Михайловна.