С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Әлеуметік-волонтерлік орталық» жастар қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге университеттің волонтерларды дайындау бойынша орталықтың мүшелері бірқатар тренингке қатысты.

Павлодар облысының әлеуметтік-волонтерлік орталық қызметкерлері команда құру және волонтерлікке кіріспе бойынша тренинг өткізді. Сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрайымы Вера Киммен кездесті. Ол жас волонтерлерге Астана қаласында өтетін кездесулер мен форумдардың қысқаша жоспарларымен таныстырды.

– Мен ЭКСПО-2017 көрмесіне куә болуды армандадым, алайда осы көрменің жұмысына өз басым қатысамын деп ойламадым, – дейді С.Торайғыров атындағы ПМУ волонтерлерді дайындау орталығының студенттік көшбасшысы Валерия Джембетова. «ЭКСПО-2017 көрмесінің волонтері болу» дегеніміз не? Бұл шетел тілдерін игеру, алдыңғы қатарлы жаңа технологиялармен танысу, басқа мемлекеттердің өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасу және өз университетімізді, қаламызды, елімізді жақсы жағынан көрсету мүмкіндігіне ие болу».

Сондай-ақ, тренинг барысында волонтерлік қызметтің қыр-сырына қанық болған жастар бұл кәсіптің өз ауыртпалығы мен жауапкершілігіне үңілді.