С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет және дизайн кафедрасында Сербия және Чехия елінен келген магистранттар тағылымдамадан өтуде.
С. Торайғыров атындағы ПМУ шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуда. Маусым айының басында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен IAESTE Қазақстанның Ұлттық комитеті арасында студенттер мен магистранттардың халықаралық тағылымдамаға қатысуы туралы келісімге қол қойылған болатын.
Инженер мамандығында білім алып жүрген студенттердің тағылымдамалық айырбас бойынша халықаралық ассоциациясы (IAESTE) –жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне жазғы демалыс кезінде алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындарынан және қазақстандық кәсіпорындардан тағылымдамадан өту арқылы кәсіби біліктілігін арттыру.
Белград университетінің магистранты Бояна Джорджевич пен Чех техникалық университетінің магистранты Войтич Коралка Павлодар мемлекеттік университетіне сәулет және дизайн кафедрасында тағылымдамадан өту мақсатында келді. Тағылымдама шілде айының 13-нен 31-не дейін созылады.
– Бүгінде дамып келе жатқан елдердің әрдайым кәсіби білікті мамандарға мұқтаж болатыны белгілі, – деп атап өтті С. Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ақмарал Қаиырбаева. Жастар барынша сапалы білім алу мүмкіндігін көздейді. Ал Павлодар мемлекеттік университеті де шетелдік студенттер мен магистранттарға мейілінше сапалы білім беріп, қолдауға дайын.
Ақмарал Қанатбекқызы өз сөзінде бұл тағылымдамалардың пайда көзі емес екенін мәлім етті. Негізгі мақсат – студенттің білімін арттыру, тілдік бөгетті жеңуіне көмектесу және кәсіби қабілетті дамыту. «Тағылымдамадан өтушілер еліміздің мәдениетімен танысады, менің ойымша, тағылымдама ұлттық болмысты тануға және қазақстандықтармен қарым-қатынас орнату үшін тамаша құрал бола алады», – дейді Ақмарал Қаиырбаева.