С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы (Қазақстан) мен Лейден университетінің «Leiden Leadership Programme» («Көшбасшылық бағдарламасы») (Нидерланды) әлемдегі жоғары оқу орындарының студенттері арасында мәдениаралық диалогты нығайту мақсатындағы халықаралық жобаны бастап кетті.
Жобаны іске асыру идеясы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы (Қазақстан) мен Лейден университетінің «Leiden Leadership Programme» (Нидерланды) тиесілі.
«Көшбасшылық бағдарламасының» өкілі Марлен Флер (Нидерланды) халықаралық жобаның маңыздылығын атап өтті. «Біз өзара мәдениаралық қарым-қатынастың нығаюын қалаймыз және бірнеше сұрақтар бойынша өзіміздің көзқарасымызбен бөлісіп отырмыз. Осы жолғы тұжырымымызда демократияның одан әрі жүргізілгеніне тоқталамыз», - деп атап өтті ол.
Қазақстан мен Нидерландының студенттері демократияның мәні жайында эссе жазды. Содан соң онлайн-кездесу өтіп, мұнда екі елдің жобаға қатысушы жастардың жасаған ұсыныс жобаларын талқылады.
Сандер Ван Дипен «Демократияны жүргізу» атты эссесінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарған заманауи демократияның басты элементтерін қамтыған. Демократияның тұрақты болуы үшін гүлдену басты шарт болатынын тарих әлдеқашан дәлелдеген. «Демократия рейтингісі» атты эссенің авторы Йенс Веллинг жұмысын мынадай сұрақтан бастапты: Көптеген адамдардың демократия жайында түрлі пікір білдіруіне не себеп? Оның ойынша, бұған себепкер - демократияның өзі түрлі көзқарас қалыптастыруда бастапқы нүкте болып табылатыны жайлы көптеген идеялардың болуы деп көрсетеді автор.
Павлодар мемлекеттік университетінің «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының І курс студенті Валерий Есаулковтың ойынша, әрбір мемлекетте тұрып жатқан ұлттың мәдени ерекшеліктері мен ділі ескерілуі керек. Кімдердің соғысты бастап және кейбір елдердің дамуына тосқауыл қойып отырғандар жайлы есте сақтағанымыз жөн. Біз бүгінгі әлемнің саяси, мәдени, экономикалық және экологиялық дағдарысына не себеп болып отырғаны жайында ойлануымыз керек. «Бұл бағытта болашақта нақты ғылыми жұмыс жазылуы тиіс», - деді ол.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының студенті Кайр Жакупов біздің демократиялық мемлекетіміздің негізін Конститутция құрайтынын атап өтті. Негізгі заң Қазақстан территориясында тұратын халықтардың жалпы құндылықтарын анықтайды. «Көршілермен өзара бейбіт өмір сүру – бірінші деңгейлі мәселелердің бірі болып саналады, егер де мемлекет іштей бөлінсе, бұл мәселе өз шешімін таппайтыны анық»,- деді ол.
Нидерландыдан келген қатысушылар елімзде тұрып жатқан барлық ұлыстардың мүддесінен шығып және ел азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды демократиялық институтқа үлкен қызығушылық танытты.