С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014-2015 оқу жылғы түлектердің дәстүрлі «Түлектер – 2015» жәрмеңкесі он бірінші рет өтті.
Жұмыс берушіліер мен түлектердің кездесуін С. Торайғыров атындағы ПМУ және Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесе отырып жүзеге асырды.
Бұл жәрмеңке университет түлектері мен жұмыс берушілердің кездесуін ұйымдастырып, жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуді мақсат етті.
Жәрмеңкеге университеттің түлектері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, кураторлар қатысты. Сондай-ақ, түлектер жұмыс берушілермен кәсіби әңгімелесуден өтіп, жұмыс берушінің талаптарынан хабардар болып, еңбек нарығының жағдайын білуге мүмкіндік алды. Соңында жас мамандар қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарына түйіндемелерін қалдырды.
Жәрмеңкеге Павлодар облысы және Павлодар қаласының жетекші кәсіпорындары мен мекемелері қатысты. Шараға «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Казхром» ТҰҚ» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Format Mach Company» ЖШС, «Каустик» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, құрылыс компаниялары, құқық қорғау органдары, банктер және т.б. барлығы - 56 кәсіпорын өкілдері мен басшылары келді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық ядролық орталығының Курчатов қаласындағы филиалы «Атом энергиясы институты» өкілдері де жас мамандарды өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарымен таныстырды.
Жәрмеңкенің ашылу салтанатында С. Торайғыров атындағы ПМУ даму стартегиясы және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышевтың мәлімдеуінше жыл сайын Павлодар мемлекеттік университетінің түлектеріне жұмыс берушілер саны артып келеді. «Жыл сайын бос жұмыс орындар базасын ұсынғаны үшін және біздің түлектерімізді жұмысқа орналастырудағы қызметтері үшін Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ерекше алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осы бағыттағы ортақ ісіміз жемісті болады деп сенемін», – деді Арман Айтмұхаметұлы.
Павлодар қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова жас мамандарға арналған Қазақстанда жүзеге асырылатын «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламалары туралы ақпарат берді.
Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары жұмысқа орналасу жайлы кеңес беріп, «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламалары, жұмыспен қамту бөлімі арқылы басқа мамандыққа оқу, қала кәсіпорындарында, мекемелерінде жастар тәжірибесі бойынша бос орындар турасында хабардар етті.
Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына 2015 жылығы түлектердің түйіндемелік буклеті таратылды. 22 кәсіпорындар мен мекемелерден түскен сұрасныстар бойынша 149 бос жұмыс орындар базасы құрылды. Бос жұмыс орындар жайлы мәлімет түлектерге жеткізіліп, университеттің білім порталына енгізіледі.