С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы және Павлодар облысы бас редакторлар клубы, облыстық журналистер одағы кәсіпорынымен «Жас журналистер мектебі» оқу жобасының бірлесіп ашыуына байланысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жас журналистер мектебінде бұқаралық ақпарат құралдарының беделді журналистері ұстаздық етеді. Студенттер үшін университет және жергілікті БАҚ базасында бірлесе отырып шеберлік сыныптар, тренингтер, шығармашылық кештер және басқа да тәжірибелік оқулар өткізілетін болады.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры м.а., с.ғ.д. Арман Ақышев С.Торайғыров атындағы ПМУ өміріне журналистік қауымдастықтың араласып жүргені университет үшін мәртебе екенін сөзге тиек етті. «Білікті журналист мамандарды даярлауда тек кафедрада берілетін білім аз, болашақ журналист бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауына мұқтаж. Бұл қолдау сапалы да өнімді жеміс беретіні белгілі. Ал бүгінгі шара журналистер үшін де, студенттер үшін де тиімді болмақ. Өйткені, кәсіпорындар мен редакцияларды журналистиканың майталмандары басқарып отыр. Олардың орнына бүгінгі студенттер арасынан шыққан озық ойлы білікті журналистер қалады», – деді Арман Айтмұхаметұлы.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі Аскар Жалдинов өзінің құттықтау сөзінде павлодарлық журналистика мектебі білікті кадрларымен ерекшеленетінін атап өтті. «С.Торайғыров атындағы ПМУ-да журналистика кафедрасының болуы және өзіндік мықты журналистика мектебінің болуы қандай ғанибет. Мұндай қарымы мықты журналистерімен, кәсіби журналистикасымен тек Алматы, Қарағанды, Семей және Павлодар мақтана алады деп ойлаймын», – деп өңір журналистерін даярлайтын білім ордаға жоғары баға берді Асқар Мұратұлы.
Э.ғ.к., доцент, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессры, Павлодар облысы бас редакторлар клубының төрағасы Мұхит Омаровтың айтуынша, бұл мектептің ашылуы журналистика кафедрасында білім алып жүрген студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға көмектесу мақсатын тұтты. «Павлодар облысы бас редакторлар клубы, облыстық журналистер одағы кәсіпорыны, аудандық басылымдардың редакторлары тәжірибеден өтушілерге кәсіби журналист болып шығуына барынша жағдай жасайды», – дейді Мұхит Мұрсалиұлы.
С.Торайғыров атындағы ПМУ журналистика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Қырықбай Алдабергенов журналистика кафедрасының жетістіктеріне тоқталып, болашақ журналистердің табыстарына ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан журналистер одағының Павлодар облысытық филалының төрағасы Юрий Поминов өз сөзі барысында университет пен кафедра басшылығына бұл жобаны қолдағаны үшін алғысын жеткізді. «Мына жоба біздің бірлесіп атқарып жатқан бірінші шаруамыз емес. Бірлесіп жасаған жобалардың қай-қайсысы болса да табысты болды. Бұл – мектептің студенттерге де, жұмыс жасап жүрген журналистке де берері мол іс. Сондықтан осы жобаның іске асуына баршамыз жұмылып кірісейік», – деді Юрий Дмитриевич.
Игі дәстүр бойынша Юрий Поминов С.Торайғыров атындағы ПМУ кітапхансы мен журналистика кафедрасына жуырда жарық көрген «Что пройдет, то будет мило» кітабын сыйға тартты.
Руфина Торпищеваның фотосы