С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия, машинажасау және көлік факультетінде екі күн бойы Наурыз тойы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар өтті.
17 наурыз күні факультетте ұлттық бұйымдар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында көрме, қабырға газеттерінің байқауы өтті.
Ұлттық көрмені безендіруде «Транспорттық техника және логистика» кафедрасы үздік деп танылып, мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтарға ие болды. Ал қабырға газеттердің сайысында бірінші орынды «Машина жасау және стандарттау» кафедрасы, екінші орынды «Көліктік техника және логистика», үшінші орынды «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы иеленді.
18 наурыз күні жалпыфакультеттік мерекелік концерт өтті. Бұл күні ән мен би, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері сахналанды. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар ұлттық және викториналық ойындар ойнады.
«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы ең өнерлі ұжым болып танылып, Бас жүлдені және факультет деканының өтпелі Кубогін қанжығасына байлады. Ал «Көліктік техника және логистика» кафедрасы бірінші орын, «Металлургия» кафедрасы 2 орын, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасы үшінші орын иегерлері атанды.
Және де ең үздік салт-дәстүрлер қойылымдары үшін «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы бірінші орынды, «Металлургия» кафедрасы екінші орынды, «Көліктік технология және логистика» кафедрасы үшінші орынды жеңіп алды.
«Мұндай іс-шараларда біз Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен ғұрыптарын біліп, студенттерді патриоттық рухпен тәрбиелеп қана қоймаймыз мұнымен қоса, студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында ынтымақтастық орнауына ықпал етуге жол ашамыз», – деді С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультетінің деканы Төлеуғазы Тоқтағанов.