С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінің профессоры ассистенті Бриджит Гудман және мектеп кеңесшісі Нұрхан Омарбековпен кездесу өтті.
Астана ғалымдарының университетке келунің мақсаты – еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар университеттің академиялық бағдарламалары жайлы хабардар ету.
Бриджит Гудман Назарбаев университетіндегі магистратура мен докторантураның бағдарламалары жайлы сөз қозғап, ЖОО-дағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін бүгінгі таңда барлық жағдай жасалып жатқанын да атап өтті. «Мен сіздердің университеттеріңізде болғаныма өте қуаныштымын. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Ертістің Павлодар өңіріндегі көпсалалы мамандарды даярлайтын ЖОО болып табылады. Біздің магистрлік және докторлық бағдарламалар осы университет түлектерін қызықтырады және білім беру мен ғылыми әлеуетін Назарбаев университеті жоғары білім беру мектебінде жалғастырады деп ойлаймын», – деді.
Кездесу барысында білім алудың мерзімі, байқау шарттары мен тұрғын-жай мәселесі сөз болды. Студенттер мен магистранттар құрметті қонаққа қабылдау емтихандары жайлы сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысқандардың баршасы Назарбаев университетіне оқуға түсу жолдары жайында толық хабардар болды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Назарбаев Университет» автономды білім беру мекемесі 2014 жылы ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын айта кеткен жөн.
Аталған білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы аясындағы негізгі міндет – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне ұйымның құрылымы мен университетті басқаруды, ғылыми-зерттеу және білім беру ісін, халықаралық ынтымақтастық стратегиясына тиімді өзгерістерді енгізу мақсатында Назарбаев университетінің тәжірибесін тарату болып табылады.
Руфина Торпищеваның фотосы