С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінің магистранттары азық-түлік технологиясы университетінде (Пловдив қаласы, Болгария) ғылыми тәжірибеден өтті.
1953 жылы азық-түлік және қайта өндеу өндірісінің Жоғары институты ретінде қаланған болатын (HIFFI). Бүгінгі таңда жарты ғасырлық заманауи әдістері бар тәжірибені оқыту және зерттеу жұмыстарында динамикалық тұрғыда ұштастыра біледі.
«Биотехнология» мамандығының магистранты Ботагөз Манарбекова мен Нұрлыбек Қаткенов профессор Стефан Драгоевтың шақыруы бойынша ғылыми тәжірибеден өтті, тәжірибе барысында заманауи құрал-жабдықтарды қолдану әдісімен танысып, ғылыми зертханаларда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар өздерінің магистрлік диссертацияларының тақырыптары бойынша ақпарат жинау үшін кітапхананың ірі ресурстарын қолданды.
«Біз университетте алған білімімізді бір жүйеге түсіре алдық. Ғылыми тәжірибенің басты құрамдас бөлігі - жаңадан алған білімімізді тәжірибелік тұрғыда бекіту болып табылады», – дейді Нұрлыбек Қаткенов.
«Біздің ғылыми тәжірибеміз шетелдік ғылыми кеңесшіміз Стефан Драгоев және белгілі еуропалық профессор Альберт Кръстановпен тығыз байланысты болды. Біз жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша презентация жасап, магистрлік диссертациялар тақырыбына байланысты сұрақтарды талқыладық, сонымен қатар алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бағалы кеңестер мен нұсқаулықтар алдық », – дейді Ботагөз Манарбекова.
Тәжірибенің соңында сертификаттар ұсынылды. Болгарлық ғалымдар Павлодар мемлекеттік университеті магистранттарының тілдік дайындықтары жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар олар алдағы уақытта Павлодар мемлекеттік университеті магистранттарының Болгария университеттерінің PhD докторантурасына түсулеріне жәрдемдесетінін де айтты.