С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттері мен жастар ұйымының белсенділері Қазақстан халқы ассамблеясы жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Қазақстан халқы ассамблеясының Туы Павлодар қаласының маңызды ескерткіштерін аралап діттеген жерге жеткізілді. Аталған эстафета Бірлік пен ынтымақтастық монументінде бастау алып, содан соң Ж. Аймауытов атындағы облыстық музыкалық-драма театрына, мемлекеттік рәміздер алаңынан Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин ескерткіштеріне жол тартып, одан саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументінің алдында желбіреп, соңғы нүкте Жеңіс Даңқ ескерткішіне жеткізілді. Қазақстан халқы ассамблеясы жылының Туын көтеру салтанатты жиынына Павлодар облысының әкімі, Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының төрағасы Қанат Бозымбаев, сонымен қатар, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, студенттер, оқушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы ассамблеясы жылының рәмізін алып жүру мәртебесіне ие болған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті әрі белсендісі, оқу озаты Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының көшбасшысы Ринат Абдулкаюмовтің айтуынша, Қазақстан халқы ассамблеясы жылының салтанатты басталуы – өте маңызды әрі Қазақстандағы бейбіт өмір мен қоғамдық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі болып табылады. «Біздің ортақ міндетіміз – көпұлтты мемлекетімізде ауызбіршілікті сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға нақты іспен атсалысу», – деді Ринат Абдулкаюмов.
Достық үйінің дәлізінде этномәдени бірлестіктерінің декоративті-қолданбалы өнері көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар жастардың флэш-мобы өтті.
Руфина Торпищеваның фотосы