С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде Жаңа жылдық құттықтау маусымы басталды.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «Foundation» факультетінде ағылшын тілді мемлекеттерде тойланатын Жаңа жыл және Рождество мерекесін тойлауға арналған ашық сабақ өтті.
Сабақ «Шетел тілі» кафедрасының оқытушылары Айнаш Аипова мен Әсем Қожықованың жетекшілігімен ағылшын тілінде өтті. Ұстаздар мерекенің таңғажайып тарихы мен ағылшын тілді мемлекеттердің мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Сондай-ақ, сабақ барысында фаультет оқушылары Жаңа жылдық және Рождество мерекесінің ұлттық тағамдары, мәдениет нышандары, ырымдары, аңыздары мен тойлау ерекшеліктеріне қанық болды.
«Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к. Айжан Кудеринаның айтуынша Жаңа жылды әрі Рождество сынды мерекелерге арналған ашық сабақтар ағылшын тілді елдердің мәдениетін құрметтеуге, сол мемлекеттермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
– С.Торайғыров атындағы ПМУ «Foundation» факультетінде өзіміздің ел азаматтарынан өзге шетел азаматтары да білім алады. Біздің факультетте әр ұлт пен ұлыс өкілдері білімдерін ұштап жүр. Сондықтан, біз үшін бір-біріміздің мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды құрметтеу өте маңызды. Ал бастысы, факультетте тілді меңгеруге, соның ішінде ағылшын тілін игеруге баса назар аударылады, - деді Айжан Ермекқзызы.
Факультетте білім алушылар Рождество мерекесіне арналған әндерді ерекше көңіл-күймен орындап, байқаулар мен викториналық ойындар ойнап, көңілдерін сергітті.
Ал сабақтың соңында мерекелік көңіл-күйге бөленген білім алушылар ағылшын тілінде ұстаздарын, бір-бірін құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
«Foundation» факультетінде өткен жаңа жылдық мейрам құрметіне арналған ашық сабақ оқушыларды шаттыққа, мейірімге бөледі. Ал бастысы, сабақ өте танымды өтті. Жаңа жылдық құттықтау маусымы ашық!