С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында волейболдан Ректор Кубогы өтті.
Жарысқа С.Торайғыров атындағы ПМУ физика-математика және ақпараттық технологиялар фаультеті, энергетикалық, химиялық технологиялар және жаратылыстану, бизнес және құқық, металлургия, машинажасау және көлік, гуманитарлық-педагогикалық, агротехнологиялық, сәулет құрылыс факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен әкімшілік шаруашлық бөлім қызметкерлері қатысты.
Тартысты бәйгеде С.Торайғыров атындағы ПМУ әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері мен сәулет құрылыс факультетінің оқытушылық-профессорлық құрамынан құралған командалар оза шауып жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды қанжығасына байлаған физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті командасы. Үшінші орын энергетикалық факультеттің спортшыларына бұйырды. Төртінші орынды гуманитарлық-педагогикалық факультеттің командасы иеленді. Бесінші және алтыншы орынды металлургия, машинажасау және көлік факультеті мен бизнес және құқық факультетінің волейболшылары өзара бөлісті. Соңғы орыннан химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті мен агротехнологиялық факультет спортшылары жайғасты.
Жалпы ойын барысында қатысушы спортшылардың көрсеткен техникалық-әдістік және шеберліктерінің жоғары көрсеткіші ойынның кәсіби деңгейде өткеніне дәлел бола алды. Ал бастысы ойыншылар салауатты өмір салтын ұстануды қолдайтынын және спортты шын сүйетінін білдірді.
Дене шынықтыру мен спорт заманауи дәуірдегі салауатты өмір салтының маңызды бір бөлшегі. Сол себепті, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері өздерінің сүйікті спорт түрімен айналысу арқылы қоғамдағы спорттық белсенділіктің артуына өз үлестерін қосуда.