С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Жыл студенті – 2014» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен үздік студенттердің басын қосқан додада С.Торайғыров атындағы ПМУ энергетикалық факультетінің 4 курс студенті Айдана Молдаханова «Жыл еріктісі» номинациясында жеңіске жетті. Сондай-ақ, «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпазы атанған С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультетінің 2 курс студенті Кәбір Ғалымжан.
Айдана Молдаханова «Үлкенге орын бер», «Көктемгі қайырымдылық апталығы», «Әскериөмірдің бір күні» науқандары мен «Облыстық балалар үйі» ММ жұмыстарын ерекшеатап өтуге болады. Ал «Жыл патриоты» атанғанҒалымжан Қабір С.Торайғыров атындағы ПМУстуденттік жасақтың командариі. Бұл жасақ биыл облысымыздың студенттікжасақтары арасынан топ жарып, «Үздік жасақ» марапатына ие болған. Жасаққа үздіктер марапаты белсенділік,бастамашылық танытқаны, қоғамдық тәртіпті қорғағаны әрі азаматтық қоғамныңқалыптасуына зор үлес қосқаны үшін табыс етілді.
Байқаудың мақсаты студенттік жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, университеттік өмірде аса белсенді студенттік топтарды, студенттерді, жетекшілерді анықтау болып табылады.
Айтулы байқауға еліміздің 49 жоғары мектептері мен колледждері қатысты. Байқауға қатысу мүмкіндігіне ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысатын, қоғамдық және университет өміріне белсене атсалысатын және оқуда озат студент ие бола алады. Сонымен қоса, қазылар тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырған шараларға және жастар ұйымының жұмыстарына студенттің білек сыбана атсалысып жүруін де бағалады.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлімінің басшысы Қайрат Әшенов жоғары оқу орын студенттерінің республикалық деңгейдегі байқауларға қатысуы студенттік жастардың талабы мен танымын өсіруіне себепші болатынын атап өтті.
– «Жыл студенті – 2014» республикалық байқауында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері «Жыл патриоты» және «Жыл еріктісі» номинациялары бойынша жеңіске ие болғандығы бізді әлбетте қуантады. Студенттеріміздің мұндай шараларда өз баптарын сынауы олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, қабілет-қарымын ашуға көмектеседі. Осы сынды жеңістер мен жетістіктер олардың болашақ кәсіби салаларында ғана емес, және жеке өмірінде де тұлға ретінде толық қалыптасуына, табысты болуына даңғыл салады, - деді Қайрат Еркенұлы.
«Жыл студенті – 2014» республикалық байқауының марапаттау салтанаты 2014 жылдың 19 қарашасында Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында өтеді.