С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бизнес және құқық факультетінде «Университет және жұмыс берушілер: дипломдық және магистрлік диссертациялық жұмыстардың тақырыптарын келісу» бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысының бастау сөзінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бизнес және құқық факультетінің деканы, техн.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров:
– Бүгінгі күнгі еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында жұмыс берушілер түлектерге айрықша талаптар қоя алады. Қазіргі таңда жаңа форматтағы заманауи мамандарға сұраныс артып тұр. Міне осы себептен оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптарына сай бағытталуы тиіс, - деді.
Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысының мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері: Asia Credit Bank АҚ, Павлодар облысы әділет басқармасы, «Нұрбанк» АҚ, «Ай-Би-Аль» ЖШС, Қазақстан Алюминий АҚ, Қазақстан Халық Банкі АҚ, Павлодар облысы салық басқармасы, ЛесСтройПром kz ЖШС, UNINEO ЖШС, «УАК» шаруа қожалығы өкілдері қатысты.
Шара шеңберінде факультеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Құқықтану» мамандықтары бойынша дипломдық және магистрлік диссертациялық жұмыстардың тақырыптық бағыты талқыланды.
Кездесуде факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы Павлодар өңірі жұмыс берушілерінің жас мамандарға қойылатын шарттары, қабілет-қарымы, білімі мен біліктілігі турасында мәліметтерге қанық болды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ мен өңіріміздегі кәсіпорын өкілдерімен кездесудің мақсаты – жұмыс беруші мен болашақ мамандардың арасында байланыс орнату, еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білікті мамандар дайындау, жұмыс беруші талаптарын ескере отырып кәсіби білім сапасын арттыру.