С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шетелдік дәріскерлерді шақыру университеттік бағдарламасы шеңберінде Еуропа мемлекеттерінің белгілі ғалымдар ЖОО-ның студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына дәріс курстарын оқиды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерін Стамбул университетінің (Түркия, Стамбул қ.) профессорлары Хакан Доган мен Хаяти Тюфекчиоғлы ақпарат тартудың радиожүйесі саласындағы соңғы жетістіктері мен әдебиеттану мен тіл біліміндегі жаңа бағыттармен таныстырады.
Сондай-ақ, Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Ауыспалы кешенді функциялар теориясы» тақырыбында Валенсия политехникалық университетінің (Испания, Валенсия қ.) профессоры Игор Ткаченко мен Рига техникалық университетінің (Латвия, Рига қ.) профессоры Марекса Мезитистің дәрістер курсын тыңдай алады. Дәріскерлер Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің көліктік техника және логистика кафедрасының студенттеріне simaticS7 бақылаушылар базасында бағдарламаланған автоматтандырылған жүйелерді құру туралы баяндап береді.
Сонымен қатар, педагогика және психология кафедрасының студенттеріне Дублин технология университетінің (Ирландия, Дублин қ.) профессоры Энн Мерфи «Педагогика және психологиядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбы аясында дәрістер курсы мен кеңестер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Павлодарлық студенттердің қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергені шетелдік қонақтарды таңқалдыруда. Танымал ғалымдар студенттердің кәсіби даярлығын жоғары бағалап, білім алушылардың білімге құштарлығы мен алғырлығын бірден байқады.
Әлбетте, әлемге танымал ғалымдардың оқыған дәрістері арқылы С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері зерттеу жұмысының жаңа әдістерін игеруге, ғылымның әртүрлі саласындағы жаһанның белгілі ғалымдарының соңғы жұмыстарымен танысу мүмкіндігіне қолжеткізеді.
Шетелдік оқытушылармен бірлесе атқарған айтулы жұмыстар С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен магистранттарына, докторанттары мен оқытушыларға тәжірибе алмасу, білім кеңістігін кеңейту, бірлескен зерттеу жобаларын жасау және ғылыми мақалаларын шетелдік басылымдарға шығару мүмкіндігіне жол ашатыны сөзсіз.