Шетел азаматтарын оқуға қабылдау

Жоғары оқу орындарына ақылы негізде шетел азаматтарын оқуға қабылдау әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы беріледі.

Магистратура мен докторантураға түсетін шетел азаматтары емтихандарды:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.   

Құжаттарды қабылдау мерзімі (бакалавриат)

10 мамыр – 5 маусым — кешенді тестілеуге өтініштерді  қабылдау.
20 маусым - 7 шілде — шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау.
8 шілде – 13 шілде — шығармашылық емтихандар.
20 маусым – 5 шілде — Ұлттық бірыңғай тестілеу.
1 маусым – 25 тамыз — жоғары кәсіптік, техникалық және кәсіптік білім (колледж) базасында өтініштерді қабылдау.
10 тамыз – 25 тамыз— ЖОО-на қабылдау.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (магистратура, доктарантура)

03 шілдеден 25 шілдеге дейін – құжаттарды қабылдау.

08-16 тамыз аралығында – кешенді тестілеу.

28 тамызға дейін – оқуға қабылдау.

Түсу үшін қажетті құжаттар тізімі (бакалавриат):

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

6) нострификация жайлы анықтама;

7) паспорт (көшірмесі);

8) бауы бар бума, конверт.

Магистратураға түсу үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі;

3) нострификация жайлы анықтама;

4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын нотариалды бекітілген еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда);

5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет, бауы бар папка, конверт;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

7) паспорт (көшірмесі);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

9) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Докторантураға түсу үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) қазақ және орыс тілдерінде зерттеу тақырыбы бойынша автореферат түріндегі негіздеме;

3) паспорт (көшірмесі);

4) білімі туралы нотариалды бекітілген құжаттар көшірмесі;

5) нострификация жайлы анықтама;

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын нотариалды бекітілген еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда);

9) басқа оқу орындарында, аспирантурада білім алғанын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

10) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Шетел жоғары оқу орнынан аударма немесе қайта қалпына келтіру:

Шетел жоғары оқу орнынан ауысып немесе қайта қалпына келтірілсе, студент бекітілген өту балынан кем емес (50 балл) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаттарымен келу қажет. Сертификат болмаған жағдайда, студент жазғы немесе қысқы демалыс мезгілінде кешенді тестілеу тапсырады.

8-15 тамыз - ауысып келетін студенттердің өтінішін қабылдау;

25-тамыз – кешенді тестілеу.

8-15 қаңтар - ауысып келетін студенттердің өтінішін қабылдау;

25-қаңтар – кешенді тестілеу.

ХҚО-да нострификацияны өту үшін қабылданатын құжаттар:

1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

Конец

С. Торайғыров атындағы ПМУ қош келдіңіз!!!
Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., Ломова к., 64, Біздің сайтымыз: www.psu.kz
Қабылдау комиссиясы: А-111, А-113 каб., тел. (8-7182) 673773, 673774
Дайындық курстары: Ак. Шөкин к-сі, 139, 202 каб., тел.: 8(7182) 67-36-50