2014 жылдың 29 мамырында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Энергетикалық факультет күні өтті
1960 жылы ашылған Павлодар индустриалдық институтының ең бірінші факультеттерінің бірі – энергетика факультеті. Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы ПМУ-да энергетика факультетінің құрамында төрт мамандық дайындайтын кафедра бар: Электроэнергетика, Жылуэнергетика, Автоматтандыру мен басқару және Электротехника, электроника және телекоммуникациялар.
Мерекеге жиылғандарды факультет деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов құттықтады. Декан факультет заманауи білікті техникалық маман иелерін дайындау арқылы жоғары оқу орнының, қала және облыстың зияткерлік әрі кәсіби дамуына зор үлес қосып жатқандығын бағалады.
Мерекенің құрметті қонақтары «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ өкілі Абдуазім Рустамбаевқа, «ЕЭК» АҚ адам қоры басқармасының басшысы Александр Носовқа, «Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ («Қазэнергосараптама» АҚ) Павлодар өкілеттігінің басшысы Ержан Темірхановқа, «Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Мемлекеттік энергетикалық тізім мәліметтерін жинау және өңдеу басқармасының басшысы Ботабек Сұлтановқа, «AQUA» ЖШС бас энергетигі Орал Нұрашевқа, қалалық электр желісі кәсіпорыны басшысы Иван Миронецке, Павлодар облысы Энергетика басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Машраповқа, қалалық тұрғын үйлер арасындағы электрлік жүйелер кәсіпорынының бас инженері Павел Морозовқа, «Каустик» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Төлеген Тоқомбаевқа, «HESCOMPANY» ЖШС Павлодар облысы бойынша өкілетті өкілі Николай Пархоменкоға, «Иртышэлктромонтаж» ЖШС басшысы Амангелді Тәліповқа, «Қазақстан Алюминийі» АҚ қызметкерлер және ұжымдық коммуникация бойынша вице-президенті Мұратқазы Жанғазақовқа оқу орнымен көп жыл ынтымақтасып жемісті еңбек еткені үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Энергетикалық факультет деканының жалпы сауалдар бойынша орынбасары Майраш Қабдуалиева, кафедра меңгерушілері, т.ғ.к. Вадим Марковский, т.ғ.к. Виктор Кибартас университеттің қоғамдық өмірі мен факультет атынан олимпиадаға қатысқан белсенді де білікті студенттерді марапаттады. ЗЭжТ-301 тобының студенті Рымгүл Аманжолова мен РЭиТ -302 тобының студенті Гречаная Алина «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша пәндік олимпиададан үшінші орынды қанжығасына байлап келді.
Сонымен қатар, 2013-2014 оқу жылының «Ең үздік топ» марапатымен ТЭ-302 тобы марапатталды.