2014 жылдың 28 мамыр күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті күнін тойлады.
Бүгінгі Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің биологиялық-химиялық факультеті ретінде 2005 жылы құрылған. Факультетте 9 ғылым докторы, 20-ға жуық ғылым кандидаты, 70 біліктілігі жоғары оқытушы мен мамандардың 45 пайызынан астамының ғылыми дәрежесі мен атағы бар.
Факультеттің құрылымында 4 шығарушы кафедра бар: «Биология және экология» кафедрасы, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы, «География және туризм» кафедрасы, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы.
Факультет күнімен жиылған қонақтарды деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, б.ғ.к., доцент Юлия Каниболоцкая құттықтады: «Біздің өңірімізде өндірістік базаның орналасуына байланысты факультет бірқатар өндіріс орындарымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып келеді. Мысалы, біздің түлектер еңбек етіп, студенттеріміз кәсіби тәжірибе жинақтап жүрген өндіріс салаларының бірі – мұнайөңдеу және мұнайхимия саласы. Мұнайхимиялық кешенде еңбек ете жүріп, біздің түлектер жасап кеткен табысты да жемісті еңбек жолы факультетке бедел сыйлады. Сондықтан да, еңбек нарығында біздің факультет дайындаған мамандар әрдайым сұранысқа ие», - деп атап өтті Юлия Михайловна.
Мұнымен қоса, студенттер мен магистранттарға кафедра меңгерушілері мен факультет қызметкерлері жүрекжарды лебіздерін арнады.
Мереке салтанатына сай бірқатар арнайы марапаттар табыс етілді. Оқудағы жетістіктері, спорттағы жеңістері, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы табыстары үшін Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенттері мен магистранттары құрмет мадақтамаларымен марапатталды.