С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Металлургия, машинажау және көлік факультеті «Металлургия» кафедрасының доценті Богомолов Алексей Ресей Федерациясының Жаратылыстану Академиясының профессоры атағына лайықты деп танылып, өнертапқыштық саланы дамытуға үлес қосқаны үшін А.Нобель атындағы медальмен марапатталды.
Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры ғылыми дәрежесіне ие болуы үшін ғылым кандидаты, кандидаттық диссертациялық жұмысын қорғағаннан бастап ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімі 3 жылдан кем болмаған, немесе ғылыми-педагогикалық жалпы еңбек өтілімі 7 жыл болуы шарт. Сонымен қатар, кәсіби, ғылыми-педагогикалық, және инновациялық үрдістерді дамыту мақсатындағы басшылық қызметте 10 жыл еңбек өтіліммен ғылыми-педагогикалық ұжым жетекшісі (ғылыми дәрежесі жоқ) болып еңбек еткен маман аталмыш ғылыми дәрежеге ие бола алады. РЖА профессоры ғылыми атағы мынандай еңбектер үшін беріледі:
*өңіріңнің немесе Ресей Федерациясының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ғылыми-практикалық жобаларды жасау;
*практикалық апробациядан өткен білім беру мекемелері үшін оқу-әдістемелік құралдарды немесе авторлық бағдарламаларды жасау;
*инновациялық үрдістер мен тәжірибелік-экспиременттік жұмыстарға белсене атсалысу;
*жаңа технологияларды, білімді, басқару жүйесін енгізу.
Алексей Витальевич 2010 жылдан бері С.Торайғыров атындағы ПМУ «Металлургия» кафедрасының доценті. 100-ден аса ғылыми мақалалары (оның ішінде өнертапқыштық жобалардың 17 патенті, 1 монография) бар.
Ғылыми жетекші ретінде «Машиналар және қысыммен металл өңдеу технологиясы», «Металлургиялық машиналар және құрылғылар», «Технологиялық машиналар және құрылғылар», «Металлургия» мамандықтары бойынша білім алып жүрген 70-тен аса ЖОО түлектерінің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етті.
Ғалым инновациялық жобаларды жасауға белсене атсалысып, облыстық және республикалық байқауларға табысты қатысып келеді (2006 ж. – 1 дәрежелі диплом, 2008 ж. – 3 дәрежелі диплом).
2009 жылғы университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар бойынша «Жылдың ең үздік ғалымы» атағын жеңіп алған. Ал, 2011 жылы – «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің ең үздік доценті» атағына лайықты деп танылған.