2013 жылдың 17 мамырында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар қаласы бойынша «Своя игра» ойынынан II Чемпионаты өтті.

 

Интеллектуалдық сайыстың ұйымдастырушылары: «Самұрық» Жастар қоғамдық бірлестігі және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жас мамандар Кеңесі.

Сайысқа қатысушылардың ішінде қалалық мектеп оқушылары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қызметкерлері.

Ойын бірінші іріктеу кезеңнен басталып, содан кейін ширек финал мен жартылай финалмен ұласты. Жартылай финалда жеңіп шыққандар ары қарай финалға өтіп, 9 тақырып бойынша 45 сұраққа жауап берді.

Чемпионаттың жалпы есебі бойынша «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қызметкері Тимур Кулумбенов жеңімпаз атанды. С.Торайғыров ПМУ-дың студенттері Илья Нестеров және Александр Антонцев екінші және үшінші орындарға ие болды.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жас мамандар Кеңесінің төрағасы Саят Байғожин жеңімпаздарды құттықтап, оларды дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының оқытушысы, политология саласындағы әлеуметтік ғалымдардың магистрі Сәлия Кәрімова осындай интеллектуалдық сайыстар өткізу жас ғалымдардың кәсіби деңгейінің жоғарлауына әсер етеді деп мәлімдеді.